Ақтөбе облысы Шалқар қаласында жастар жаппай төбелесіп, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Пышақ жарақатынан 17 жастағы жасөспірім қайтыс болды. Марқұм жасөспірімнің туыстарының айтуынша, ол өте елгезек, ашық-жарқын жан болған.
"Әлихан адамдармен оңай тіл табысып, науқас әжесін бағатын. Ұзын бойлы, әдемі, ол армияда қызмет етуді және білімін жалғастыруды, отбасына көмектесуді армандайтын", - деді Әлихан тәтесі.
Полиция қылмыстық іс қозғады
"Кәмелетке толмағандардың қатысуымен олардың бірінің қайтыс болуына әкелген жанжал фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жанжалға қатысқан барлық адам анықталып, полиция бөліміне жеткізілді", - дейді Ақтөбе облысының полиция департаментінде.
Тергеу барысы бақылауда. Кінәлі адамдар заңда белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады, дейді полицияда.