АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE (U.S. Immigration and Customs Enforcement)) қазақстандық азамат Еламан Балтагерейдің ұсталғанын жазды, деп хабарлайды
Ведомствоның мәліметінше, ол терроризмге қатысты күдік бойынша қаралып отыр. Бұл туралы ақпарат ұйымның ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Хабарламада айтылғандай, өткен жылы иммиграциялық сот Балтагерейді елден депортациялау туралы шешім шығарған. Алайда ол сот отырысына келмеген.
Сондай-ақ ICE мәлімдемесінде Еламан Балтагерей депортациялау туралы түпкілікті шешімге сәйкес терроризмге күдікті ретінде қамауға алынғаны және оны елден шығару рәсімдері жүргізіліп жатқаны айтылған.