$ 450.79
 524.13
 5.31

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім бергенін жариялады

Редактор
11.09.2026, 18:40
Ақмарал Әлназарова. Фото: Сенат
Ақмарал Әлназарова. Фото: Сенат
Оның айтуынша, бұл мәселе ашық талқылануы керек

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа өз еркімен келісім бергенін мәлімдеді. Министр бұл шешімді көпшілікке ашық айтуды маңызды деп санайтынын жеткізді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

«Бүгін көпшілік алдында бұрыннан қабылдаған шешімім туралы айтқым келеді – қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа өз еркімді білдіріп, келісімімді тіркедім», – деп жазды Ақмарал Әлназарова.

Оның айтуынша, бұл мәселе ашық талқылануы керек. Өйткені мұндай шешім тек денсаулық сақтау министріне емес, кез келген адамға қатысты болуы мүмкін.

«Мұны денсаулық сақтау министрі болғаным үшін емес, әрқайсымыз бір күні өзіміз немесе жақын адамымыз үшін осындай шешім қабылдау қажеттілігіне тап болуымыз мүмкін болғандықтан ашық айтып отырмын», – деді министр.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейінгі донорлықтың адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазіргі таңда Қазақстанда eGov арқылы шамамен 184 мың адам қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты өз еркін білдірген. Министрдің айтуынша, келісім берушілер саны артып келеді.

Ал трансплантацияны күтіп отырған қазақстандықтардың жалпы саны 4 867 адамды құрайды. Оның ішінде:

  • 4 311 адам – бүйрек трансплантациясын;

  • 212 адам – жүрек трансплантациясын;

  • 314 адам – бауыр трансплантациясын;

  • 30 адам – өкпе трансплантациясын күтуде.

Министрдің сөзінше, күту парағындағы әрбір санның артында өмірін сақтап қалуға үміттенген адамның тағдыры тұр.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейінгі донорлықты дамыту тек денсаулық сақтау жүйесінің міндеті емес екенін атап өтті. Бұл – қоғамның сеніміне, ашық қоғамдық диалогқа және әр азаматтың саналы шешіміне байланысты мәселе.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау