Қоғам

Ажырасқандарға салық көбеймек: Ардақ Назаров Үкіметке тосын ұсыныс айтты

16:31, 30 сәуір 2025 97

Мәжілісте сөз сөйлеген депутат Ардақ Назаров премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында ажырасқан азаматтардың табысына жоғары салық салуды ұсынды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, 2023 жылы 120,8 мың неке тіркеліп, оның 40,2 мыңы ажырасумен аяқталған. Осы жағдай елімізде 400 мың әйел мен 60 мың еркектің жалғыз басты болып қалуына себеп болған.

Ажырасуға өтініш білдірген ерлі-зайыптылардың біржақты шешімі негізінде сотқа арыз қабылданбас бұрын арнайы мемлекеттік баж немесе жарна төлеу тәртібін енгізу қажет. Бұл төлемнің көлемі едәуір жоғары болуы тиіс. Сонымен қатар, ресми түрде ажырасқан тұлғалар үшін табыс салығының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру қарастырылсын, – деді депутат.

Ардақ Назаровтың ұсыныстары:

  • Ажырасуға өтініш бергендер сотқа дейін жоғары мемлекеттік баж төлеуі керек;

  • Ажырасқандар үшін табыс салығының мөлшерлемесін кезең-кезеңімен арттыру қарастырылсын;

  • Ерлі-зайыптылардың мәселесін сотқа жетпей шешу үшін ардагерлер, имамдар, әйелдер кеңесі сынды кеңесші органдардың көмегіне жүгіну керек.

Сонымен қатар:

  • «Жас отбасы» ұлттық бағдарламасын әзірлеу ұсынылды;

  • Үйлену тойына несие рәсімдеудің алдын алу үшін кең көлемді ақпараттық-идеологиялық науқан жүргізу қажет екені айтылды.

Назаров жастардың қаржылық сауатын арттырып, той үшін қарызға батудың қауіпті үрдісіне тосқауыл қою керектігін айтты.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз