Айыпталушы Дархан Әскентай Шерзаттың өзі оны бірінші болып еш себепсіз ұрып жібергенін мәлімдеді деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Әрі жасөспірімнің қолында кастет, яғни, саусаққа кигізілетін суық қару болғандықтан, ауыр соққы алдым деді.
Шерзат тұрып, ашулы түрмен, сен менің әкеме бірдеңе дедің бе, не дегің келіп тұр деп маған ашуланды. Мен сосын өзім түсінбей қалдым. Мен айттым, жүр әкеңнен сұрайық, әкеңе ештең едеген жоқпын дедім. Қарасам қолында кастет тұр екен. Мен байқап үлгерген жоқпын қашып. Алды да оң көзімнен ұрып жіберді, - деді Дархан Әскентай.
Ең қызығы, сотталушы тергеу барысында бұл туралы айтпаған. Прокурор бұған дейін одан жалпы саны 10 рет жауап алынғанын алға тартты. Бірақ, Дархан Әскентай кастет туралы тек сотта айтып отыр. Ал, ол бұл жағдайды сол сәтте қысым көруімен байланыстырды.
Оның адвокаты соттан тыс уақытта Дарханның жарақат алғанын алға тартып, жәбірленуші ретінде тану керек деп отыр. Әрі кетсе іске куәгер ретінде қатысуы қажет дейді ол.