Шерзат Полаттың отбасының адвокаты Мейірман Шекеев Айтбек Амангелдінің QANTAR қорынан қаржылай төлем алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Бұған дейін Айтбек «Біз бір тиын да алған жоқпыз» деп мәлімдеген болатын.
Олар менен істі қай күннен бастап алғанымды сұрады, келісімді бұзу үшін. Ал Айтбек бұған дейін ешкімнен ақша алмағанын айтқан еді. Бірақ бұл шындыққа жанаспайды. Қорда ақы төленгенін растайтын аудиожазбалар бар. Олардың айтуынша, үш адвокатқа да қаламақы төленген, – деді Шекеев.
QANTAR қорының өкілдері Шекеевке хабарласып, оның қорғаушылық мандатының нақты күнін анықтауға тырысқан. Бұл Айтбек Амангелдімен жасалған келісімді ресми түрде тоқтату үшін қажет болған болуы мүмкін.
Еске салсақ, Айтбек Амангелді бұрынғы сұхбаттарында ешқандай ақша алмағанын, әрі бәрін тегін істегенін айтқан болатын.
Алайда, адвокаттың мәлімдемесі бұл пікірмен қайшы келеді.