Air Astana Дубайға рейстерді наурыздың соңына дейін тоқтатты

Редактор
11 мар. 2026 г., 11:43
Фото: Air Astana
Фото: Air Astana

Air Astana әуе компаниясының өкілдері Дубайға рейстер наурыздың соңына дейін тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе компанияның баспасөз қызметі Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты Air Astana әуе компаниясы 11-31 наурыз аралығында Алматыдан Дубайға және Астанадан Дубайға тұрақты рейстерді тоқтататынын мәлімдеді.

Осы орайда компания өкілдері сол күндерге билет алып қойған жолаушыларға үндеу жасады.

"Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына айыппұлсыз толық қайтару немесе 1 сәуірден 31 мамырды қоса алғандағы кезеңде орындалатын рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады", - делінген хабарламада.

Әуе компания өкілдері Таяу Шығыстағы оқиғаларды мұқият қадағалап отырғанын жалғастыруда.