Қоғам

«Әйелді қамшымен ұру керек»: Мүфтият имамның насихатына қатысты мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

17:18, 22 тамыз 2025 107

ҚМДБ дінтанушы Ризабек Батталұлының желіде тараған видеосына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Мүфтияттың мәліметінше, әлеуметтік желілерде дінтанушы Ризабек Батталұлының әйелдерге қатысты орынсыз пікірлері айтылған ескі бейнежазба қайта тарап жатыр.

"Бұл видео 9 жыл бұрын түсірілген. Сол кезде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан дінтанушыға ескерту жасалып, Ризабек Батталұлы қателігін мойындап, 2018 жылы арнайы кешірім видеосын жариялаған болатын. 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бұл пікірлерді қолдамайды. 

Исламда әйелге құрметпен қарау, ар-намысын қорғау, зорлық-зомбылықтан сақтау – басты талаптардың бірі. Әйелге күш көрсету – шариғатқа да, еліміздің заңдарына да қарсы әрекет. ҚМДБ әйелдердің құқығын қорғауды, отбасындағы өзара сыйластық пен мейірімділікті арттыруды қолдайды", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз