Қоғам

Абайдың тойында жастар шенеуніктерді шеңбер жасап қоршап жүрген

15:31, 12 тамыз 2025 41

Абай облысында бір топ шенеунікті қол ұстасып қоршап жүрген жастардың әрекеті қоғам талқысына түсті, деп хабарлайды Sputnik.kz
 
Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойында болған біртүрлі жағдай қоғамның наразылығын тудырды. Әлеуметтік желіде тараған видеодан Сенат төрағасы мен облыс әкімін жастар қол ұстасып қоршап жүрген.
 
Қоршау ішінен Сенат спикері Мәулен Әшімбаевты, Абай облысының әкімі Берік Уәлиді, Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті де көруге болады.
 
"Волонтерлерге лауазымды тұлғаларды қоршап жүру туралы арнайы тапсырма берілмеген. Бұл үлкендерге құрмет көрсету үшін жастардың өз идеясы болған. Оларға мұндай әрекет қажет емес екені ескертіліп, бірден тоқтау салынды", - дейді Абай облысының әкімдігі.
Айналасы 20 секундқа жалғасқан шараны блогер түсіріп алып, жария еткен, дейді ведомство.
 
Ал жастардың өз уәжін тыңдайық деген тілшіге әкімдік:
 
"Жастардың үлкендерге жасаған құрметі ғой. Меселін қайтарып, бетінен қақпайықшы. Оларға да қысым болып кетіп жүрер", - деп жауап берді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз