Абаев Сирияда соғысып жүрген және тұтқында отырған қазақстандықтар туралы айтты

Редактор
02.03.2025, 21:00
Абаев Сирияда соғысып жүрген және тұтқында отырған қазақстандықтар туралы айтты
Айтуынша, шет елдегі отандастарымыздың елге оралуға ниеті жоқ

Қазір Сирияда жекелеген топтардың құрамында 30-дан астам қазақстандық бар. Бұл туралы Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елші Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Дипломаттың айтуынша, шет елдегі отандастарымыздың елге оралуға ниеті жоқ.

Сирияда соғысқан содырлардың оралуына байланысты алаңдауға негіз жоқ. Бұл оқшауланған жағдайлар және олар биліктің бақылауында...Қазір Сирияда жекелеген топтардың құрамында 30-дан астам қазақстандық бар. Олардың көпшілігі Отанына оралуға ниетті емес. Кейбіреулер Сирия азаматтығын алып, сол жерде тұрақты тұруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Сириядағы күрдтердің бақылауындағы «Әл-Холь» және Родж лагерлерінде біздің 10-нан астам отандастарымыз бар, олар да өз Отанына оралғысы келмейді, – деді Дәурен Абаев «РиаНовости» агенттігіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Сириядағы қазақстандықтардың жағдайы мәселе отандық арнаулы қызметтердің ерекше бақылауында, сондықтан Қазақстанда оралғандардың ықтимал деструктивті қызметіне қатысты қандай да бір алаңдаушылық жоқ.