$ 467.48
 539.52
 5.73

96 жылан ұстап алған Флорида тұрғыны 10 мың доллар жеңіп алды

Редактор
07.08.2026, 14:26
Фото: oxu.az
Фото: oxu.az
Дәстүрлі байқау өтті.

АҚШ-тың Флорида штатында тұратын Том Рахилл жыл сайын өткізілетін байқауда жеңімпаз атанды. Ол Эверглейдс ұлттық паркінде 96 бирмалық питон ұстап, бас жүлде – 10 мың АҚШ долларын иеленді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Florida Python Challenge байқауын ұйымдастырушылар ақпарат таратты.

Том Рахиллден бөлек, жекелеген аталымдар бойынша да жеңімпаздар марапатталды. Кәсіби қатысушылар арасында Кристина Краус 36 жылан ұстап, бірінші орынды иеленді. Ал жаңадан қатысушылар санатында тоғыз бирмалық питон аулаған Барт Шрив жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ ұйымдастырушылар ең ірі жыландарды ұстаған қатысушыларды да ерекше атап өтті. Кәсіби санатта ұзындығы 16 фут 5 дюйм (шамамен 5 метр) болатын питонды тапқан Рам Левинсон жеңіске жетті.

Байқау 10–19 шілде аралығында өтіп, оған АҚШ-тың 30 штатынан және басқа елдерден келген 907 адам қатысты. Жарыс барысында қатысушылар Эверглейдс экожүйесінен жалпы саны 280 инвазиялық бирмалық питонды аулап шығарды.

Флоридада бирмалық питондар жергілікті табиғатқа қауіп төндіретін бөтен түр саналады. Себебі олар ұлттық парктегі құстардың, сүтқоректілердің және басқа да жануарлардың популяциясына кері әсерін тигізеді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау