620 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
zaira
10
БҚО-да үш жылда 620 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекетке қайтару есебінен жайылымы артқанын жеткізді.
«Ауыл тұрғындарын мазалайтын сұрақтардың бірі ол жайылым тапшылығы. Жергілікті атқарушы органдар күнделікті түрде жүргізілуде. Үш жылда мақсатына сай пайдаланылмай отырған 620 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды», - деді Нариман Төреғалиев.
458 мың гектарға жуық жер учаскелері резервке қойылып, 140 мың гектар жер учаскесі елді мекен жерлер санатына ауыстырылып, жайылымның жалпы көлемі 607 мың гектарға артылған екен.
«2022 жылдың 1 қаңтарда өңірдегі жайылым жер тапшылығы 339 мың гектар болса, , бүгінде ол 13 есе азайып, 25,0 мың гектарға дейін төмендеді», - дейді ол.