600 мың теңгелік торт дайындап, оның ақшасын ала алмай қалған кондитер Нұршат Ақбергенова сотта өз мүддесін қорғау үшін адвокат жалдады. Бұл туралыStan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Threads желісінде адвокат блогермен соттасатындарын айтты.
"Біздің заңгерлік топ сотта Нұршаттың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғап, заңда қарастырылған барлық шараны қолданады. Фактіні бұрмалап, қоғамды жаңылыстыруға бағытталған әрекеттерге құқықтық баға беріледі", – деп жазды адвокат Аржан Сәдуақас.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық блогердің 600 мың теңге тұратын тортқа тапсырыс беріп, ақшасын төлемей қойғаны туралы жазған едік. Кейін қазақстандықтар кондитерге көмектесіп, ақшаны жинап бере бастады.