60-қа жуық оқушы уланған: Маңғыстауда мектеп асханасының жұмысшылары жазаланды

Редактор
11.02.2025, 20:00
60-қа жуық оқушы уланған: Маңғыстауда мектеп асханасының жұмысшылары жазаланды
Оларға қатысты сот үкімі күшіне енді

Мектеп асханасының жұмысшылары жалған құжатпен жұмыс жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Еске сала кетсек, былтыр оқу жылының басында Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданында бір мектептен 58 оқушы астан уланған болатын. Тексеру барысында асхананың 4 жұмысшысы жалған санитарлық құжатты пайдаланғаны анықталды.

Мұнайлы ауданы сотының үкімдерімен аталған азаматтар өткен жылдың желтоқсанында айыппұл түріндегі жазаға сотталған.

Қазір соттың үкімдері заңды күшіне енді.