Алматы қаласының Индустриялық аймағында электр энергиясын жеткізу саласындағы үстем жағдайын теріс пайдаланғаны үшін «Алматы электр станциялары» АҚ-на («АлЭС» АҚ) қатысты тергеп-тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Тексеруді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті жүргізген. Нәтижесінде «АлЭС» АҚ қалалық электр желілері болмағанына қарамастан, индустриялық аймақтағы энергиямен жабдықтаушы ұйымды өзінің аффилиирленген энергия жеткізушісі арқылы қызметті бірге сатып алуға міндеттегені анықталды.
Сот шешімімен «АлЭС» АҚ-ға 4,4 млрд теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Іс үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша қаралған.