Аймақ

3,5 млрд теңге заңсыз табыс тапқан: қазақстандық руданы Ресейге сатқан кәсіпкер сотталды

13:11, 07 сәуір 2025 96

Ұлытау ауданында жергілікті тұрғынға қатысты жер қойнауын рұқсатсыз пайдалану және қылмыстық табысты заңдастыру фактісі бойынша айыптау үкімі шығарылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ҚМА ақпаратына сәйкес, күдікті 2020-2023 жылдар аралығында лицензиясы мен жер қойнауын пайдалану келісімшарты жоқ бола тұра, «Шығыс Қаражал» карьерінен марганец рудасын заңсыз өндірген. Салдарынан алынған руданың көлемі 16 мың тоннадан, ал мемлекетке келген шығын 1,1 миллиард теңгеден асты.

Қылмыстық табысты заңдастыру мақсатында ол жалған келісімдер жасап, өзіне бақылаудағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер арқылы өңделген темір-марганец рудасын елімізде және Ресей Федерациясында сатқан. Сауданың нәтижесінде қылмыстық табыс 3,5 миллиард теңгеден асты, – делінген хабарламада.

Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Сондай-ақ, оның 97,8 миллион теңгеге бағаланған мүлкі, соның ішінде 5 автокөлік пен ауыл шаруашылығы қожалығы тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз