Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстанда аза тұту күні белгіленді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды», – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында Қазақстан Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде Каспий теңізінің жағалауында қайғылы оқиға болды. Ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан алдын ала мәлімет бойынша 19 әскери қызметшіні теңіз толқыны алып кеткен. Әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.