Қоғам

2 дәріге – 58 миллиард! Қазақстандық медицина ғылымы тоқырауға ұшырады ма?

17:45, 04 маусым 2025 198

Соңғы үш жылда медицина ғылымына 58 млрд теңге бөлінген. Сондағы нәтижесі – тек 2 отандық препарат. Оның біреуі де халыққа жетпеген. Бұндай деректерді Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов келтірді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Сонымен қатар:

  • Фармөнімдер сараптамасы 210 күннің орнына 334 күнге созылған, кей жағдайда 2,5 жылға дейін барған;
  • 8000 шағым түссе де, тек 1 препарат қана нарықтан алынған;
  • Бірыңғай дистрибьютор 207 препаратты уақытылы сатып алмаған, 164-ін мүлде алмаған;
  • Кей дәрілер тоқсан сайын жеткізіліп, науқастар өз ақшасына сатып алуға мәжбүр болған;
  • ST-KZ сертификатынсыз 258 млрд теңгеге дәрі сатып алынған.

Салдарынан:

  • 741 млн теңге – нақты қаржылық бұзушылық;

  • 32 млрд теңге – тиімсіз жоспарлау мен пайдалану;

  • 58 млрд теңге – шығын мен жіберіп алған пайда анықталды.

«Мұндай фактілер дәрі-дәрмекті беру және оның айналысын бақылау жүйесінің әлсіздігін көрсетеді. Аудит нәтижелері дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында жүйелі және кешенді проблемалардың барын көрсетеді. Анықталған мәселелер бойынша Үкіметке тиісті ұсынымдар мен Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырмалар берілді. Жоғары аудиторлық палата алдағы уақытта да осы бағыттағы жұмыстың ілгерілеуін қадағалап отырады», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз