Қоғам

15 сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» күні

10:08, 15 сәуір 2025 76

Бүгін елімізде ерекше мереке – «Қозы-Көрпеш – Баян Сұлу» күні атап өтіледі деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Мереке қазақ лиро-эпостық жырының кейіпкері Қозы Көрпеш пен Баян Сұлудың құрметіне арналған.

Бұл күнді атап өту осыдан 20 жылдан астам уақыт бұрын басталған деген деректер бар. Алайда, 15 сәуірді  «Ұлттық ғашықтар күні» ретінде тойлау 2011 жылдан басталды.

2011 жылы Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты басқармасы бұл күнді өздерінің ресми шараларының қатарына қосқан. Осы жылдан бастап-ақ өңірлер ғашықтар күнін кең ауқымда атап өте бастады.

13-14 ғасырлардағы «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» эпосы бір-біріне қосыла алмаған ғашық жас жігіт пен қыздың қайғылы махаббатын жырлайды.

Бүгінде ғашықтар осы күні бір-бірін құттықтап, сезімін білдіріп, ерлер қауымы сүйіктісіне гүл сыйлауды әдетке айналдырған.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз