Әлеуметтік желілер мен чат-топтарда 10 сәуірге дейін жүргізуші куәлігін ауыстыру қажеттігі, осы күннен кейін куәлікті ауыстыру үшін теориялық емтихан тапсыру қажет болатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Ішкі істер министрлігі бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді, д
еп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Ведомство ақпаратына сәйкес, жүргізуші куәліктерін беру және емтихандарды қабылдау қағидаларына сәйкес жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін азаматтан келесі құжаттар талап етіледі:
• жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылатын электрондық құжаттар;
• мемлекеттік баж салығының төленгенін растайтын құжат.
Куәліктің қолданылу мерзімі өткен жағдайда қосымша медициналық анықтама қажет болатыны атап өтілді.
Жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде жол жүру ережелері бойынша емтихан тапсыру талап етілмейді, – деп қосты ведомстводан.