$ 464.86
 544.03
 6.14

«10 миллион теңге талап еткен»: Алматыда бопсалаумен айналысқан блогер ұсталды

Редактор
23.01.2025, 16:32
Алматы қалалық полиция департаменті
Алматы қалалық полиция департаменті
Алматыда танымал блогер мен кәсіпкер 8 миллион теңге бопсалады деген күдікке ілінді. 

Алматыда Дамир Құшеев пен Руслан Кәрімов 8 миллион теңге бопсалады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. 

Полицияның мәліметінше, күдіктілер әлеуметтік желілерде компрометтеуші материалдарды жариялаймыз деп қорқытып, 8 миллион теңге талап еткен. Сонымен қатар, олар жәбірленушіні сот шешімімен төлеуге тиіс 20 миллион теңгеден бас тартуға мәжбүрлемек болған.

"Күдіктілер 10 миллион теңгені алу кезінде ұсталды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес, олар уақытша ұстау изоляторына қамалды," – деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.