Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz ТЖМ бапасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЖМ "ҰҒСНИ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 31 наурыз сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеді. Ведомство мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 км қашықтықта орналасқан.
Эпицентр координаттары: 44.609º с.е., 79.709º ш.б. Тереңдігі – 10 км.
Есептік қарқындылығы (баллмен):
Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы – 2 балл Жетісу облысы Текелі қаласы – 2 балл Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы – 2 балл
"Зардап шеккендер мен қирау туралы мәліметтер тіркелген жоқ, тұрғындардан 112 нөміріне қоңыраулар түспеді", - делінген ТЖМ хабарламасында.