Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумның алдын ала нәтижесін жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, қазақстандықтардың басым бөлігі жаңа Конституцияны қолдады. Алдын ала нәтиже:
"Иә, қабылдаймын" - 87,15%.
Ал 898 099 адам "Жоқ, қабылдамаймын" деп дауыс берген.
Берілген дауыс санын есептеу кезінде 146 558 дана жарамсыз бюллетень анықталған. Ал Жарамды, бірақ есепке алынбаған бюллетеньдер саны - 127 868 дана.
Айта кетері, жаңа Конституция бойынша өткен республикалық референдумда барлығы 9 млн 127 мың 192 адам өз таңдауын жасады. Олардың ішінде 7 954 667 азамат жаңа Конституцияны қолдады.