Жамбыл облысында қарауыл бастығы оққа ұшты

Редактор
16.03.2026, 14:43
Фото: дереккөз
Фото: дереккөз
Зардап шегуші ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл бастығының оқ жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, әскери бөлімнің қарауыл бастығына оның қарамағындағы қызметкері абайсызда оқ атқан. Зардап шегуші ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаменті әскерилендірілген күзеттің азаматтық қызметкері қаза тапқан дерегін растады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы барлық қажетті тергеу әрекеттері мен іс-жүргізу шараларының кешенді нәтижелері бойынша анықталады, - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.