$ 481.54
 553.24
 5.93

«Жалған ақпарат таратты»: әнші BayanSulu Қуат Әбіловқа жауап берді

Редактор
31.03.2026, 11:19
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Әнші продюсер мен композитор арасындағы қаржылық келісімдерге араласпағанын жеткізді.

Әнші BayanSulu әлеуметтік желіде композитор Қуат Әбілов жариялаған видеоға қатысты пікір білдірді.
Өнер иесінің айтуынша, Әбілов таратқан бейнежазбада жалған ақпарат бар, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ол көрсетілген құжаттардың әндерге қатысы жоқ екенін айтып, өзінің абыройы мен жеке құқығын қорғауға арналған материалдар екенін жеткізді. Осыған байланысты әнші заң аясында шара қолданатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ BayanSulu әндерге қатысты төлем жасаудан бас тартпағанын, алайда келісілген сома бірнеше есе өсіп кеткенін айтты. Оның сөзінше, тараптар белгілі бір сомаға келісімге келгенімен, кейін композитор ойын өзгертіп, әндерді өшіретінін жеткізген.

Әнші «Ұмытсам да» туындысын екі жыл бұрын жеке қаржысына сатып алғанын да атап өтті. Алайда сол кезде келісімшарт жасалмағанын өзінің басты қателігі ретінде мойындады.

Бұдан бөлек, ол бұрынғы продюсері Әлішер Бурханов арқылы әннің жарыққа шығып, хитке айналғанын айтты. Әнші продюсер мен композитор арасындағы қаржылық келісімдерге араласпағанын жеткізді.

Сөз соңында BayanSulu бұл дауға қатысты әлі де ашылмаған жайттар бар екенін айтып, жақын арада барлығын дәлелдермен жариялайтынын жеткізді.