Қоғам

«Видеоны бәрі көрді»: желі жұлдызына айналған теміржолшы басшыларынан сөз естігенін мәлімдеді

10:29, 07 тамыз 2025 239

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС бас директорының орынбасары Асан Үмбетов қарамағындағы қызметкерлерімен онлайн кездесуде не себепті дөрекі сөйлеп, балағат сөздер айтқанын түсіндірді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Оның айтуынша, бұл жағдайға қозғалыс қауіпсіздігінің өрескел бұзылуы себеп болған.

"Видеоны бәрі көрді. Өзім де көрдім. Қозғалыс қауіпсіздігі үшін жиналыс өткізген едік. Әріптестерімнің кемшілігін түзеу үшін қатты айтқым келді. Видеоны көргеннен кейін қателігімді түсіндім. Осы жағдайдан сабақ алдым. Басшылар маған ескерту жасады. Болашақта әріптестерімізбен дұрыс қарым-қатынас орнатамыз", - деді ол.

Еске сала кетейік, теміржолшылардың онлайн жиналысында басшылардың бірі қол астындағыларға дөрекі сөздер айтқаны жайлы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Бұл жағдай қоғамда резонанс тудырды. Біреулер сынаса, кейбірі қолдау көрсетті

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз