$ 447.8
 516.76
 5.3

Үшінші «Үлкен дулыға»: Рыбакинаға Нью-Йоркте алтын белбеу табысталды

Редактор
16.09.2026, 09:33
ҚТФ
ҚТФ
Елена Рыбакинаға US Open жеңісінен кейін ерекше чемпиондық белбеу табысталды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін ерекше естелік сыйлыққа ие болды. Оған ММА және рестлинг чемпиондарының марапатына ұқсатып жасалған чемпиондық белбеу табысталды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Салтанатты сәттің видеосын шетелдік POPSUGAR порталы жариялады. Алтын түстес белбеуде Рыбакинаның есімі мен US Open турнирінің символикасы бейнеленген.

Мұндай белбеулер АҚШ-та өтетін «Үлкен дулыға» турнирінің өзіндік дәстүрлерінің біріне айналған. Ұйымдастырушылар Нью-Йорктегі жарыс жеңімпаздарына жекпе-жек спортындағы чемпиондық белбеулерге ұқсас арнайы естелік марапат дайындайды.

Бұған дейін осындай белбеулер Арина Соболенко, Коко Гауфф және US Open-нің өзге де чемпиондарына табысталған.

Айта кетейік, Нью-Йорктегі жеңіс Рыбакинаның мансабындағы «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші титулы болды. Қазақстандық теннисші US Open-2026 жеңімпазы ретінде 5,5 миллион доллар жүлде қаржысын иеленді.

Сондай-ақ бұл нәтиже Рыбакинаға мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің бірінші сатысынакөтерілуге мүмкіндік берді.

 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау