$ 481.54
 553.24
 5.93

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Редактор
31.03.2026, 15:04
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
20 адам ұсталды.

Қылмыстық топ мүшелерінің бірі спортты қолдау және дамыту деген сылтаумен жастарды ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға тартқаны анықталды. 

Қазіргі уақытта 20 адам ұсталып, 47 санкцияланған тінту жүргізілді.

Нәтижесінде қарулар, оқ-дәрілер, автокөліктер, ірі көлемде ақша, шетел валютасы және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Күдіктілерге қатысты ұрлық, бопсалау, алаяқтық және тонау фактілері бойынша 6 қылмыстық іс қозғалды.