Аймақ

Университеттің мүлкін заңсыз жекешелендіргендер әшкереленді

10:35, 20 маусым 2025 11

Қаржы мониторингі агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекет қатысатын үлесті заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 2018–2020 жылдары Д. Серікбаев атындағы ШҚ техникалық университетінің бұрынғы басшылығы «Технопарк «Алтай» ЖШС жарғылық капиталындағы 78% мемлекеттік үлесті заңсыз жекеменшікке өткізіп жіберген. Университет – металлургия, энергетика, машина жасау сияқты салаларға маман даярлайтын елдегі жетекші ЖОО-лардың бірі.

Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау аясында университетке:

  • 100% үлесі бар «Технопарк Алтай» ЖШС;

  • 8 000 шаршы метрлік ғимарат;

  • 1,3 гектар жер телімі

қайтарылды.

Қайтарылған мүлік университеттің ғылыми-зерттеу және оқу базасын дамытуға, сонымен қатар медициналық протездеу, травматология және онкология саласындағы инновациялық кластер құруға бағытталмақ.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз