$ 471.45
 547.21
 6.63

Ұлы Жеңіс және Отан қорғау – ұрпаққа үлгі

02.05.2026, 09:53
Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
 Биыл Ұлы Жеңістің 81 жылдығы және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 34 жылдығы. Бұл екі айтулы дата біздің еліміз үшін өте маңызды. 

Ұлы Отан соғысында Кеңес халқы фашизмге қарсы күресте үлкен ерлік көрсетті. Қазақстаннан майданға 1 миллион 200 мыңнан астам азамат аттанды. Олардың жартысынан көбі елге оралмады. Соғыс өртіне түскен қазақстандық жауынгерлер Ленинград, Мәскеу, Сталинград, Курск доғасы сияқты шайқастарда ерлікпен шайқасты. Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова сынды батырлардың есімдері мәңгі есте қалады.

Еліміз тәуелсіздік алған соң, өзінің Қарулы Күштерін құрды. Қазіргі қазақстандық әскер – заманауи үлгідегі, тыныштық сақтау миссияларына қатысатын кәсіби әскер. Жауынгерлеріміз БҰҰ-ның тапсырмасы бойынша әлемнің ыстық нүктелерінде бітімгершілік міндетін атқарады.

Біз – осы ерліктердің мұрагері. Жеңіс ардагерлері мен әскерилердің ерліктерін мақтан тұтып, еліміздің бейбіт өмірін қорғауға әрқашан дайын болуымыз керек. Ең бастысы – білім алып, салауатты өмір салтын ұстану және Отанымызды сүю.

Бейбіт аспан астында өмір сүріп жатқан барша адамдарды мерекемен құттықтаймыз! Ұлы Жеңіс пен Тәуелсіздік елтаңбасы – Қарулы Күштерімізге мың алғыс!                                                        

Адилхан Айберген, Бауыржан Момышұлы атындағы

дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған  

әскери мектеп- интернатының 7 Б сынып кадеті