Франция Әскери-әуе күштеріне тиесілі Mirage 2000D жойғыш ұшағы сейсенбі күні кешке елдің солтүстік-шығысындағы Нанси қаласының маңында (Мерт және Мозель департаменті) апатқа ұшырады, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Franceinfo радиостанциясының хабарлауынша, апат орнынан экипаж мүшелерінің бірінің дене мүшелері табылған. Екінші экипаж мүшесін іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Радиостанцияның мәліметінше, оқиға орнында тікұшақтар, өрт сөндірушілер, жандармерия қызметкерлері мен әскери мамандар жұмылдырылған ауқымды іздестіру-құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Жергілікті тұрғындар ұшақ апатқа ұшыраған сәтте қатты жарылыс дыбысы естіліп, аспанда жарқыл пайда болғанын хабарлаған.