Қоғам

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді

10:12, 19 қаңтар 2026 91

Ұлттық құрылтайдың V отырысы ертең, яғни 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы және көмекшісі Руслан Желдібай жазды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

2022 жылы – Ұлытауда;

2023 жылы – Түркістанда;

2024 жылы – Атырауда;

2025 жылы – Бурабайда өтті.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз