$ 462.87
 540.72
 6.16

Ұлттық тестілеу орталығы түлектерге маңызды ескерту жасады

Редактор
24.04.2026, 14:05
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
25 сәуір күні түнгі сағат 23:59-да өтініш қабылдау тоқтайды. 

Ұлттық тестілеу орталығы биыл негізгі ұлттық бірыңғай тест тапсыратындарға маңызды ескерту жасады: биыл ҰБТ тапсырғысы келетіндер 25 сәуір, түнгі сағат 23:59-дан кейін өтініш бере алмайды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сүйенсек, осы уақыт өткеннен кейін өтініш берген адамдар да тест өтетін орнын, тест тапсыратын күні мен уақытын өзгерте алмайды. Бірақ, таңдаған пәні мен тілін өзі тест тапсыратын күннен 24 сағат бұрын өзгерте алады.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, бүгінге дейін 441 мыңнан астам адамнан биыл ҰБТ тапсыру туралы өтініш түскен.