$ 444.88
 513.26
 5.28

«Үй аламын деп армандаған»: Шымкентте тоқ соғып көз жұмған чемпионның туыстары әділдік іздейді

Редактор
17.09.2026, 11:16
видеодан скрин
видеодан скрин
Шымкентте 28 жастағы чемпион зауытта қаза тапты

Шымкентте керамикалық плитка шығаратын зауытта 28 жастағы балуан, грек-рим күресінен Қазақстан чемпионы Әділ Тілектес қайғылы жағдайда көз жұмды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Бұл туралы Информбюро жазды. Алдын ала мәлімет бойынша, спортшы жұмыс барысында электр тогына түсіп, биіктен құлаған. Оқиға 12 қыркүйекте болған.

Марқұмның әпкесі Мөлдір Тілектес қайғылы жағдай болған күні бауырын жұмыстан алып кетуге барғанын айтты. Оның сөзінше, отбасы сол күні әкесінің туған күнін атап өтуді жоспарлаған.

«Бетін жаппақшы болды. "Бетін жаппаңдар, бұл өлген жоқ" дедім. "Қайда алып кетіп бара жатырсыңдар, көмектесіңдер" дедім. Қарасам, мойнынан бастап құлақтарына дейін күйіп кеткен екен. Қолдары да күйіпті. Техникалық қауіпсіздік қаншалықты сақталғанын анықтау керек», – деді марқұмның әпкесі.

Туыстары кәсіпорындағы қауіпсіздік талаптарының сақталғанына күмән келтіріп, оқиғаны жан-жақты тергеуді талап етіп отыр.

Әділ Тілектес есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы жарыстарда ел намысын қорғап, Қазақстан чемпионы атанған. Ол отбасын асырау үшін зауытта жұмыс істеп жүрсе де, спорттық мансабын жалғастырған.

Марқұмның жұбайының айтуынша, Әділ жарыстарда жеңіске жетіп, отбасына баспана алуды армандаған. Оның артында жұбайы мен екі кішкентай баласы қалды.

Шымкент қаласының Полиция департаменті аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Өндірістегі қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны әзірге ресми түрде расталған жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау