Шоу-бизнес жаңалықтары

«Тұрсынбек басқа әйелге кетіп қалады деп ойламадым»: Мөлдір Мұқанова жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

15:50, 07 тамыз 2025 658

Тұрсынбек Қабатовтың әйелі Мөлдір Мұқанова тағы да ел аузында.

Қазіргі таңда өзін әнші ретінде елге таныстырып жүрген Мұқанова, Instagram-дағы парақшасында отбасындағы жағдайды қойылым арқылы көрсеткендей болып, жұртты ойландырып қойды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

“Сен менсіз ешкім емессің” дедің
Сол сәтте мен үнсіз қалдым.

Бір кезде сені сүйгенмін.
Сөзіңе сенгем.
Мені қолдайды, қорғап жүреді деп ойлағам.
Бірақ сен мені әлсіз етіп, өзіңе бағынышты еткің келді.

Қыздар, егер біреу сізге дауыс көтерсе — бұл зорлықтың бастамасы.
Егер біреу сені итерсе, шапалақпен ұрса — бұл зорлықтың жалғасы.
Егер біреу саған “Сен менсіз ешкім емессің” десе — бұл психологиялық қысым!

Есіңде болсын:
Сенің өміріңде ешкімнің дауыс көтеруге, қол көтеруге, қадіріңді таптауға құқығы жоқ.

Сен – құндысың.
Сен – нәзік, бірақ мықтысың.
Сен – тыныш, қауіпсіз өмірге лайықсың", — деп жазды ол.

Көпшілік Мұқанованың бұлай жазба жариялауына күйеуі Тұрсынбек Қабатовты кінәлап түрлі пікір жазып жатыр.

«Тұрсынбекті басқа әйелге кетіп қалады деп ойламадым», «Қыздары бойжетіп қалған Тұрсынбек қалай қорықпады», «Тұрсынбекке он қатын алсада жарасады», — деп пікір жазып жатыр желі қолданушылары.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде Тұрсынбек Қабатовтың әйелімен ажырасып, басқа қызбен көңіл жарастырғанын жазып жатыр. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз