Аймақ

«Кеген–Нарынқол» тас жолындағы жөндеу: Алматы облысының әкімі құрылыс барысымен танысты

11:19, 07 тамыз 2025 36

Алматы облысының әкімі "Кеген–Нарынқол" тас жолында жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын тексерді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қазір жолды жөндеу жұмыстарымен 71 адам және 44 техника айналысып жатыр. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құрылыс барысын арнайы барып аралап шықты. 

Жоба аясында ұзындығы 74 шақырым болатын «Кеген–Нарынқол» жолының 0–37 және 37–74 шақырым аралығы орташа жөндеуден өтуде. 

Жауапты мердігер  "Нұрлы жол – 7" компаниясы. Ал, техникалық қадағалауды «KZ Стройэксперт» ЖШС жүргізеді. Жобаның жалпы құны 8 миллиард теңгеден асады. 

Нысанда 7 мың м³ қиыршық тас дайындалып, 4 шақырым жолда ресайклизация жүргізілген. Бұған қоса, 2 шақырым жолға төменгі қабат төселген. 

Өңір басшысы жобаның жүзеге асырылу қарқынына назар аударып, жұмысты жеделдетуді және бөлінген қаражатты тиімді пайдалануды тапсырды. Ол жол сапасының жергілікті халық үшін маңызды екенін атап өтіп, халықпен кездесулерде көтерілген инфрақұрылым мәселелері кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз