Аймақ

Алакөлде қайғылы оқиға: биыл мектеп бітірген оқушы суға батып көз жұмды

14:18, 07 тамыз 2025 33

Трагедия Абай облысы, Жарбұлақ ауылының маңындағы Алакөлде болған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, мектеп түлегі қайықтан көлге секіргеннен кейін бата бастаған.

Қайықта болған достары құтқару жилетін киіп, көмекке ұмтылғанымен, оны аман алып шығу мүмкін болмады.

Мәліметтер бойынша, қайтыс болған бозбала биыл мектеп бітіріп, жоғары оқу орнына түсуді армандаған. Қазір қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір катер иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсетіп, абайсызда адамның өліміне себеп болды деген күдікке ілінді.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз