Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік білім беру гранты иегерлерінің тізімі жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz. Грант иегерлерінің тізімін мына сілтемеден жүктеп алуға болады. 2025-2026 оқу жылына 77 мыңнан астам грант бөлінді. Оның басым бөлігі, яғни 60 пайызы техникалық бағыттағы мамандықтарға, 20 пайызы педагогикалық мамандықтарға, ал қалған 20 пайызы қажеттілікке байланысты әртүрлі салаға жіктелді. Сондай-ақ Білім туралы Заңға сәйкес, квоталық категориялар ескерілді. Мысалы: жетім балалар немесе мүгедектігі бар балалар; көп балалы және толық емес отбасынан шыққан балалар; мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балаларға арнайы квоталар қарастырылды.