$ 458.57
€ 501.54
₽ 5.57

Түркістанда Конституция аллеясының іргетасы қаланды

Редактор
26.11.2026, 17:14
bairaqmedia.kz
bairaqmedia.kz
Қазақ мемлекеттілігінің тарихында айрықша орны бар Түркістанда Конституция аллеясы бой көтермек

Бүгін Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай «Мәдениеттер диалогы – 2026» халықаралық симпозиумы өтіп жатқан тұста Конституция аллеясының капсуласы қаланды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

«Астана» саябағындағы Мемлекеттік рәміздер алаңы жобасымен жалғасып жатқан Конституция аллеяның іргетасын қалауға Конституциялық Соттың Төрағасы Эльвира Азимова, облыс әкімі Нұралхан Көшеров және шетелдік делегация өкілдері қатысты.

Эльвира Азимова бастаманың Тәуелсіздік тарихына, конституциялық құндылықтарға деген құрметтің және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің белгісі екенін атап өтті.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров Тәуелсіздікті сақтау, нығайту және келешек ұрпаққа жеткізу баршамызға ортақ міндет екенін жеткізді.

Кезінде хандар ел тағдырын таразылап, билер әділдік пен ел бірлігін ту еткен Түркістанда Конституция аллеясының салынуының тарихи әрі рухани мәні терең.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау