Аймақ

Түркістан облысында әскери қызметкер мал дәрігерлерімен бірге субсидия жымқырған

14:44, 17 мамыр 2025 26

Түркістан облысында әскери қызметкер мал дәрігерлерімен бірге субсидия жымқырған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
 
Облыс прокуратурасы «Сауран ауданының ветеринария бөлімі» ММ ветеринариялық станциясының қызметкерлеріне қатысты мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бөлінген аса ірі мөлшерде мемлекеттік қаражатты жымқыру арқылы алаяқтық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу барысында Оранғай, Жаңа Иқан ауылдық округтерінің ветеринарлары менветеринарлық бекеттің меңгерушісі «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» деректер базасына 31 шаруа қожалығында іс жүзінде жоқ малдың (ұсақ және ірі қара) бар екендігі туралы жалған мәліметтерді енгізіп, жалпы сомасы 271 млн теңге субсидияны жымқырғаны анықталды.

Облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы №41590 облыстық әскери бөлімінің 1 қызметкерін, 3 мал дәрігерін және 1 меңгерушіні күдікті ретінде таныған, – делінген хабарламада.

Күдіктілер 19 миллион теңге көлемінде келтірілген залалды ішінара өтеп, сонымен қатар олардың 120 миллион теңге болатын мүліктеріне тыйым салынды.
 
Қазір сот процесі жүріп жатыр.  

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз