Ақмола облысының Зеренді ауданында қайғылы оқиға болды. К-700 тракторы аударылып, жүргізушісі ауыр техниканың астында қалып, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Оқиға 14 қарашада Елікті ауылының маңында болған. Ауыр техника аударылған кезде кабинада отырған жүргізуші трактордың астында қалған. Алған жарақаттарынан ер адам сол жерде қайтыс болды.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Сонымен қатар Ақмола облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті жұмыс берушіден өндірістегі жазатайым оқиға туралы әзірге ешқандай хабарлама түспегенін мәлімдеді.
Ведомствоның түсіндіруінше, жұмыс беруші мұндай жағдай туралы тиісті органдарға хабарламаса, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Оған заң талаптарын орындау жөнінде нұсқама беріледі.