$ 444.4
€ 488.97
₽ 5.39

Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді: ҚФФ шешім қабылдады

Редактор
17.11.2026, 18:36
ҚФФ
ҚФФ
Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван’т Схип қызметінен кетеді

Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван’т Схиппен келісімшартты ұзартпайтын болды. Бұл туралы ҚФФ бас хатшысы Скотт Манн мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Федерация басшылығы нидерландиялық маманмен әріптестікті жалғастырмау туралы шешім қабылдаған. Бапкердің келісімшарты осы аптаның соңында аяқталады.

Скотт Маннның айтуынша, ҚФФ ұлттық құрамаға ұзақ мерзімді жұмыс істеуге дайын жаңа бас бапкер іздеуге кіріседі. Жаңа маманның алдында Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіне команданы дайындау міндеті тұр.

Джон ван’т Схип Қазақстан құрамасының тізгінін 2026 жылдың тамызында Талғат Байсуфиновтан қабылдап алған еді. Оның негізгі міндеті – Ұлттар лигасының С дивизионындағы топта жеңіске жетіп, Қазақстанды В дивизионына шығару болатын. Алайда бұл мақсат орындалмады.

Нидерландиялық маманның жетекшілігімен ұлттық құрама Ұлттар лигасында алты кездесу өткізіп, бірде-бір рет жеңіске жете алмады. Команда үш рет тең түсіп, үш рет жеңілді. Нәтижесінде С3 тобында үш ұпаймен соңғы, төртінші орынға тұрақтады.

Бапкер үшін ұлттық құрамамен соңғы кездесу 16 қарашада Астанада өтті. Қазақстандық футболшылар Словакиямен 2:2 есебімен тең түсті.

Енді Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманы алдағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындайтын жаңа бас бапкерді іздейді. Әзірге оның есімі жарияланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау