$ 444.4
€ 488.97
₽ 5.39

Роботтар, жасанды интеллект және 1 миллион теңге: Шымкентте ауқымды форум өтіп жатыр

Редактор
17.11.2026, 16:51
bairaqmedia.kz
bairaqmedia.kz
Шымкентте «Shymkent AI Forum – 2026» өңірлік форумы бастау алды ⁣

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай «Көрме» орталығында «Shymkent AI Forum – 2026» өңірлік форумы басталды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Ауқымды жиынның негізгі мақсаты — өңірде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды ілгерілету, тың жобаларды көпшілікке таныстыру, IT-компаниялар мен стартаптар арасындағы әріптестікті арттыру және технологиялық кәсіпкерлікке серпін беру.⁣⁣⠀

Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, IT саласының мамандары, кәсіпкерлер, стартап өкілдері, сала сарапшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері — барлығы 500-ге жуық адам жиналды.⁣⁣⠀

Бағдарлама аясында цифрландыру мен жасанды интеллекттің өзекті мәселелерін қамтитын төрт панельдік отырыс өтеді. Қатысушылар «Цифрлық Шымкент: сын-қатерлер және алдағы міндеттер», «AI дәуіріндегі стартаптар», «Why MedTech?» және «AI & ML. Ертең не істейміз?» тақырыптарын талқылайды. Талқылауларға 14 баяндамашы мен 4 модератор қатысады.⁣⁣⠀

Көрме аймағында технологиялық жобалар кеңінен таныстырылды. Startup Alley алаңында стартаптар өз әзірлемелерін ұсынса, өзге компаниялар технологиялық шешімдерін жеке стендтерде көрсетіп отыр.⁣⁣⠀

Сонымен қатар қатысушылар үшін медициналық технологиялар саласындағы жаңашыл жобаларды ұсынған 10 команда сынға түсетін «MedTech Startup Battle» байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың жүлде қоры — 1 миллион теңге.⁣⁣⠀

Форум аясында робототехникаға арналған Robo Zone мен Game Zone интерактивті алаңдары да жұмыс істейді. Мұнда келушілер заманауи технологиялармен және жаңа цифрлық шешімдермен тәжірибе жүзінде таныса алады.⁣⁣⠀

«Shymkent AI Forum – 2026» — мемлекеттік секторды, IT-бизнесті, жоғары оқу орындарын және стартап-қауымдастықты тоғыстырған маңызды технологиялық алаң. Форум қорытындысы өңірдің цифрлық және инновациялық әлеуетін арттыруға, технологиялық жобаларды дамытуға және сала өкілдері арасындағы әріптестікті кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау