Қоғам

Тоқаев Нұрайдың қазасына қатысты пікір білдірді

13:02, 20 қаңтар 2026 65

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында Шымкенттегі 21 жастағы қыз Нұрайдың қазасына қатысты Ішкі істер министрлігіне тапсырма бергенін айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Президент Ішкі істер министрлігіне Шымкент қалалық Полиция департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырды.

Мемлекет басшысы құрылтай мүшелерінен осы қайғылы оқиғаға қатысты өтініштер түскенін атап өтті.

"Оның әрекеті адам өліміне әкеп соқтырды. Осыған байланысты мен ІІМ-ге Шымкент қалалық полиция департаментінің әрекетіне құқықтық баға беруді тапсырдым. Бас прокурор да бұл мәселені мұқият тексереді", - деді президент.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз