Саясат

Тоқаев Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының президентін қабылдады

12:12, 15 қаңтар 2026 23

Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Қазақстанның Халықаралық шаңғы спорты федерациясымен ынтымақтастық перспективасы талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 85 мыңнан аса адам шаңғы спортымен тұрақты түрде шұғылданатынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда тау шаңғысы мен шаңғы жарысы кешендері, халықаралық деңгейдегі мұз ареналары секілді заманауи инфрақұрылымдар бар. 

Мемлекет басшысы еліміз жақында Италияда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалып жатқанын жеткізді.

FIS президенті спортқа қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, қазақстандықтар әлемнің байрақты бәсекелерінде лайықты өнер көрсетіп жүргеніне назар аударды. 

Сондай-ақ ол Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларға жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Йохан Элиаш еліміздің Халықаралық шаңғы спорты федерациясымен тәжірибе алмасу, спортшыларды даярлау, бапкерлерді оқыту және төрелік ету бағыттарындағы ықпалдастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастырды. 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз