АҚШ Мемлекеттік департаменті иммиграциялық виза беруді уақытша тоқтатқан 75 елдің қатарына Қазақстанды қосты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.
Ескерту: бұл тек тұрақты тұрғысы болғысы келетіндерге арналған визаларға қатысты.
Студенттерге, уақытша жұмысшыларға немесе туристерге арналған визаларға бұл шектеу әсер етпейді.
Шешім 21 қаңтардан бастап күшіне енеді және АҚШ жаңа иммигранттардың америкалықтар есебінен материалдық пайда көрмеуін қамтамасыз ете алғанға дейін қолданыста болады.
Қазақстанмен қатар Армения, Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан тізімге енген.