Қоғам

«Дұшпан екенсіңдер»: Атырауда марқұм ерлі-зайыптының ұлынан келген хат жарияланды

16:05, 14 қаңтар 2026 711

Атырау облысы Жангелдин ауылында із-түссіз жоғалған бір үйдің екі адамы – марқұм ерлі-зайыптының балалары Наурыз бен Мирамгүл әлі де іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

«Qazaq AIRAN» редакциясы ауылға барып, марқұм Мақсот Қарабалиннің туған қарындасы Әдемі Шылмағамбетованың Наурыз Мұқанғалиевпен хат алмасуы болғанын анықтады.

«Арыз жазып не дүрліктіріп жатсыз? Өзімізде проблема аздай. Пайдаларың тимесе де, зияндарыңызды тигізбеңіздерші. Босқа көмектесе алмайсыздар, мысқылдап күлесіздер. Пайдаларыңнан зияндарыңыз көп екен. Өз ата-анама өзім жауап берем. Шаруаларыңыз болмасын жарар, үйленіп алдым. Тыныш өмір сүргізбедіңіздер жан жақтан. Банктен бір іздейді, полиция бір іздейді. Дұшпан екенсіңдер», – делінген Наурыз Мұқанғалиевтің телефон нөмірінен тәтесіне 27 желтоқсанда жіберілген хатта. 

27 желтоқсанда жіберілген хатта Наурыз туыстарынан «араласпауды» сұраған.

Марқұмның інісі Шалқар Мұқанғалиевтің айтуынша, Наурыз – ата-анасына зиян келтіретін адам емес, ауылға сыйлы, ешкімге қарызы жоқ, өзімен-өзі өмір сүріп жүрген жан.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз