Саясат

Тоқаев Ақордада Абу Дабидің тақ мұрагерін қарсы алды

11:32, 12 мамыр 2025 86

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Абу Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянды қарсы алды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. 

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай Салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.

Қазір тараптар арасында жоғары деңгейдегі келіссөз жүріп жатыр. Келіссөздер барысында Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту перспективасы талқыланып, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылмақ.

Айта кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы жел электр станциясы жобасын іске асыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз