$ 466.33
 538.47
 5.9

«Тоқалы емеспін, бір баламыз бар»: Олжас Абайға қатысты тағы даулы ақпарат тарады

Редактор
07.04.2026, 10:34
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Бұл жағдайға қатысты актердің жас әйелі де желіде пікір білдірді.

Желіде актер Олжас Абайдың жеке өміріне қатысты суреттер тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Threads-та жарияланған кадрларда оның өзінен әлдеқайда жас бойжеткенмен бірге жүргені байқалады. Кейбір қолданушылар түрлі болжам айтса, енді бірі фото-видеолардың шынайылығына күмән келтіріп отыр.

Бұл жағдайға қатысты актердің жас әйелі де желіде пікір білдірді:

"Очоу 2017 жылы ажырасты. Ал біз 2018 жылы отау құрдық. Біздің 5 жасар ұлымыз бар. Есімі Карим. Мен жасырған жоқпын. Оның суретін желіге сала бермеймін. Мен тоқал емеспін. Олжастың Дубайдағы үйге қатысы жоқ. Мен өз жағдайымды өзім жасадым. Екі кәсіппен айналысамын. Онымен ара-қатынасымыз жақсы. Қазір екі қаладамыз. Оның сьемкадан қолы босамайды. Мен Астана мен Шымкенттің ортасында жүремін. Олжас 1989 жылғы, мен 1997 жылғымын".