Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Бұл туралы Ақорда жазды.
Мемлекет басшысы Сеулге 14 қыркүйекте келді. Қазақстан Президентін әуежайда Корея Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун қарсы алды.

Сапар барысында Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бағытталған жоғары деңгейдегі кездесулер өтеді деп жоспарланып отыр.